Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

«Қаратал аудандық орталық мешіт»

 Үштөбе қаласы  Қабанбай көшесінде салынған.  Құрылысы 2004 жылы сәуірде  айында басталып, 2005 жылдың қазанында пайдалануға берілді.  Оны  салған бес азамат, олар Серікжан Бескемпіров, Асылбек Пұсырманов, Қасенхан Башенов, Алмаз Қазанғапов, Базархан Байтаев.

Мешіт жобасын әзірлеген Қаратал ауданының сәулетшісі Ильяс Мәмбетбаев.

Мұнарасыз. Бір үлкен 4 шағын күмбезі бар. Ауласы темір шарбақпен қоршалған. Ауласына шым төселіп көгалдандырылған. Екі қақпасы бар, тротуар айналасы көгалдандырған. Күмбез астында және ауласына жарық бергіш шамдар қойылған.

Жер аумағы 800,  жалпы көлемі 128,9 шаршы метр. 100 адамға арналған, 3 бөлмеден тұрады: Намаз оқитын зал 79,1 шаршы метр. имам бөлмесі 17,5. кіреберіс дәлізі 14,8 шаршы метр. Құлшылық үйіне бір түсті кілемдері төселген, үш сатылы мінберы бар.


Таласбаев Абудардан Нұрсапаұлы, 1972 жылы, 12-маусымда (бұрынғы) Талдықорған облысы, қәзіргі Алматы облысы, (Киров) қәзіргі Көксу ауданы, Ленин совхозының, Талапты бөлімшесінде дүниеге келген.1979 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1987 жылы орталау білім алып, ауданымыздың Көксу ауылындағы   Орта Кәсіптік училищеде оқып, 1990 жылы орта білім алып шыққан. 1990 жылдан ауыл шаруашылығында жұмыс істеген. 1991 жылы Талдықорған қаласындағы орталық мешітте діни сауатын ашқан. 1992 жылы Жамбыл облысындағы, Мерке медресесінде білім алып, 1993жылы Алматыдағы Ислам институтына түсіп, 1995 жылы бітіріп шыққан. 1995 жылдан Бас муфтидің бұйрығымен Алматы облысы, Көксу ауданының Балпық би кенті аудандық мешітінің бас имамы болып, 2002 жылға дейін қызмет атқарған. 2002 жылдың мамырынан Алматы облысы, Қаратал ауданы және Үштөбе қаласы мешітінің бас имамы болып қызмет атқарып келеді. Қызметтен қол үзбей жүріп, 2001 жылы Халықаралық мамандықтар институтына түсіп, 2006жыл толық курсын бітіріп, Журналист мамандығын алып шыққан. 2003жылы  Имамдардың білімін жетілдіру институтын үздік бітіріп шыққан.   2008 жылы –және 2013жылы Бес парыздың бірі болған қажылыққа барып парызын өтеп қайтқан.Үйленген.Отбасылы.

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных