Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Алматы облысы Ескелді ауданды Қарабұлақ орталық мешіті 

Жалпы аумағы 0,3831 га жер, жалпы сиымдылығы 350-400 кісі. Жоба авторы А.Мәмешов, М.Сабденов. Мешіт құрылысы 2003 жылғы мамыр айында басталып, 2008 жылғы қазан айының 24-күні аяқталды. Мешіт қарабұлақ кенті Оразбеков көшесі №40-үйде орналасқан. Мешіт халықтың аудан көлеміндегі кәсіпкерлердің демеушілігімен бітті. Мешіт 15х15 үлкен зал, 6х22 бөлмелерден тұрады. Атап айтқанда әйелдер бөлмесі 8х6 кіретін есік әрі құран оқыйтын бөлме, балалар сауат ашатын бөлме, есепші отыратын бөлме, имамның бөлмесі. Мешіттің қабырғасы қызыл кірпіштен қабырғасының биіктігі 5,5 м ортасындағы күмбез 14 м, мешіттің алдыңғы екі бұрышында 18 метр, 9 метрлік екі мұнарасы бар. Мешіттің 11-терезесі, 7-есігі бар. Есік, терезе пластикпен мешіт ауласында 15 түп жас қарағайлар егілген және газон шөптерімен көгалдырылған. Мешіт темір қоршауыменен қоршалған. Мешіттің оңтүстік жағында имам тұратын үй, 22х6 дәретхана салынған. Мешіт  электр жарығымен жылытылады. Мешітке кіретін жолға асфальт төселген. Мешіт заманауы дыбыс күшейткіш асбаптармен жабдықталған. Телефон жүйесі тартылған.


Жұмағалиев Болат Сағынғалиұлы Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Байқадам ауылында 1978 жылы ақпан айының 9 жұлдызында дүниеге келген.

1985 жылы Байқадам Қаралдин атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 1995 жылы аяқтаған.

1995-2001 жылдар аралығында ауылда әртүрлі жұмыстармен шұғылданып, 2001 жылы Алматы қаласындағы Тастақ мешітінде діни сауат ашу курсын оқыған.

2002-2004 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Тайба халықаралық колледжінде білімін шындап, 2004-2008  жылдар аралығында Алматы қаласындағы  «Нұр Мүбәрак» Египет мәдениет Универстетінде  білім алған.Білімі жоғары. Ұлты қазақ. Әскерде болмаған. 

Еңбек жолын  Алматы қаласы Ақсай мешітінің іс басқарушысы, Алматы облысы Сарқан аудандық мешітінің бас имамы қызметін атқарған.

Ескелді аудандық Қарабұлақ мешітінің бас имамы болып 2011 жылдың  қараша айынан бастап ҚМДБ-ның бұйрығымен жұмысқа тағайындалған.

Үйленген жұбайы 5 баласы бар. 

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных