Алматы облысы  Сарқан ауданы бойынша мешіттердің сипаттамасы

Сарқан ауданында 19  мешіт бар

Сарқан  аудандық  мешіттің сипаттамасы

Сарқан аудандық мешіті, Сарқан қаласының күн шығыс жағында Қонаев көшесі № 18 «а» орналасқан. Жобасын сызған Алматыда «Ерқанат» фирмасы 1992 жылы. Мешіт құрылысын 1992 жылы бастап 1993 жылы бітті. Құрылысын жүргізген аудандық МКСО – жұмысшылары. Қаражатын көтерген колхоз –совхоздар, аудан тұрғындары. Және 2007 жылы аудандық мешітке күрделі жөндеу жүргізілді.Төбесін қайта ақ жылтыр темірмен жабылды, жылу жүйесі қайта жасалды. Еденіне төселген кілем дорожка «Астана кілем» фабрикасында тоқыған жайнамаз ретінде. Осының бәріне демеушілік жасаған осы Сарқан  қаласының Абай мектебінің  түлегі. Сол кезде Қазақстан теле арнасында қызмет атқарған Абдыхамитов Даурен Серікұлы. Мешіттің жалпы ауданы 0,1 200 га.  Бетонмен қоршалған, аулада жеміс ағаштары отырғызылған.  Пайдалы көлемі 145,1 шаршы метр. Бес уақыт намаз оқыйтын зал 100 адамдық, еденіне  кілем дорожка төселінген. Мешітке кірген кезде сол жақ бұрышында уағыз айтатын орын бар, ал оң жағында минбер орналыстырған. Мешіттің қабырғасының биіктігі 5,95 м, мешітте 7 терезе, 8 кішкене люстра бар. Мешітте 1 мұнара биіктігі 10 м, Күмбездің  биіктігі 5 м. Имамның бөлмесінге 1 стол, орындығы, 1 сейф, 1 телефон, 5 құран кітабы бар. Қабырғаларға «Алла және Алланың  99 аты» жазылған. Мешіттің сыртында дәретхана бар ерлерге және әйелердерге арнайы бөлінген. 


Мырзалы Кенжетай Махмутұлы 02.06.1977 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. 1984 жылы №216 Қ.И. Сәтбаев атындағы мектепке 1 сыныпқа қабылданып, 1994 жылы бітірген. Мектеп қабырғасында оқып жүріп «Қожаназар Ишан» мешітінде діни дәріс алған.

1994-1995 жылдары аралығында Қызылорда қаласындағы №1 кәсіптік мектепте бухгалтерлік мамандық алған. 1995 жылы Өзбекстанның Қоқан деген жерінде діни сауатын жетілдірген.

1997-1999 жылдары Алматыдағы Ислам институтында дәріс алды. Осы оқу орнын бітірген соң 1999-2002 жылдар аралығында Қазалыдағы «Қожаназар Ишан»  мешітінде найб имам болып қызмет жасаған.

2002 жылы Алматыдағы Қ.М.Д.Б. жанынан ашылған имамдардың білім жетілдіру курсында 4 ай оқыған. 2003 жылы «Қожаназар Ишан» мешітінде бас имам болып қызмет жасаған.

2005 жылы сәуір айынан бастап Ғ. Мұратбаев ауылындағы «Қуандық» әулие мешітінде имам болып қызмет жасады.

2009-2011 жылдары аралығында Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылында  «Нұрмұхаммед» мешітінде бас имам болып жұмыс жасады.

2011 жылдан бастап Алматы облысы Сарқан ауданында бас имам болып жұмыс жасап келеді.        

         Отбасылы. 4 баласы бар.