Талдықорған қаласы орталық «Нұр» мешіттің сипаттамасы

Алматы облысы Талдықорған аймағының орталық мешіті міндетін Талдықорған қаласы орталық Қазақстан мен Қабанбай көшесінің қиылысында №85 ғимараты болып орналасқан. Мешітті Біріккен Араб Әмірлігінің азаматшасы Фахра ханым өз қаржысына, Қазақстандағы Әбу Даби қоры арқылы 1998 жылы садырды. Талдықорған қаласында экономикалық дағдарысты басынан кешіріп жатқан кездері салынғандықтан оған алланың нұры жаусын деп «НҰР» деген ат қойылған, «Нұр» мешіті Талдықорғанға архетектуралық әсемдігімен де көрік беріп тұр. Мешіт дәл қала орталығында орналасқан.  Мешіт 250 адамға есептелінген мешіттің ұзындығы мен ені 12*8 метр, мешіттің биіктігі 11*9 метр, мешіттің күмбезінің диаметрі 10*3 метр. Мешіттің төрт бұрышында төрт кіші күмбездер орналасқан, олардың биіктігі 6 м 900 см, ені 12 м 800 см.

Мешіт екі қабатты. Жоғарғы қабатта, намаз оқитын залында “Алматы кілем” фабрикасы тоқыған кілемдер төселген, төрт бұрышында төрт салқындатқыш жүйесі орнатылған, және михраб бар айналасында Бақара сүресінің (254, 255) құран аяттары әсемделіп, өрнектеліп жазылған және минбер сапалы ағаштан ойылып, өрнектелген мешіттің бұрышында орналасқан, және оң жақ қабырғасында бес уақыт намаздың сағаттары белгіленіп тұратын тақтайшасы орналасқан, дыбыс күшейткіші (калонка) ілінген және төрт бұрышында өрт қауіпсіздігіне арналған (воздушка) орналасқан.

Мешітте ерлер, әйелдер намаз оқитын төменгі қабатында бөлмелері бар және төменгі қабатында сауат ашу курсының бөлмесі жайғасқан, оның ұзындығы мен ені 6 м, х 400 см және қасиетті құран оқитын бөлмесі бар бөлменің ұзындығы 6м 800 см.х 4 метр. Имам отыратын бөлмесі де төменгі қабатта, бөлмеде қазіргі заманға сай телефон, факс, компютер, стол, орындықтармен жабдықталған. Мешіттің төменгі қабатында күзетшілердің жататын бөлмелері орналасқан.

2005-2006 жылдары Мешіт күрделі толық жөндеу  жүргізіліп, мешіт қабырғалары ақ жылтырақ кафельдермен безендірілген. Жылу жүйесіне  арнайы автоматты қондырғы қойылған. Мешіттің айналасы асфальтталып, оюмен өрнектелген, темір қоршаумен қоршалған. Түнде жарық беретін төрт сәуле бергіш жарық шамдар да орнатылған, мешіттің есік, терезелерін қазіргі заманға сай пластикалық пен ауыстырылды.

Мешіттің мұнарасы жоқ мешіт ауласы толық қоршалған, ауласы көгалдандырылған тал, терек, шырша, алма ағашы отырғызылып гүл егілген. Мешіттің жанында жаңадан салынған ер мен әйелдерге арналған ыстық, суық суы бар, қазіргі заманға сай жабдықталған дәретханасы бар. Бес уақыт азан шақыруға қолданылатын қазіргі заман талабына сай дыбыс күшейткіш құралдарымен де  жабдықталған.

Мешіттің кіре бергі ауласында газет, журналға немес әртүрлі мақала жариялайтын лозунг яғни тақтайшасы орнатылған.