×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/IMAN-MASJID

Талдықорған орталық  «Иман» мешітін салу жөніндегі бастама 2007 жылы сәуір айында, сол кездегі облыс басшысы Серік Әбікенұлы Үмбетовтің бастамасымен, қазіргі мешіт тұрған орынға құрбандық шалынып, Құран оқылғаннан кейін қазық қағылумен көтерілген болатын. Облыс әкімі: «Ақыры игілікті іс бастаған едік, көз сүйсініп, көңіл тоятындай дәрежеде салайық», деп ұсыныс айтады.

Мешітке арналған жер учаскесі алғашқыда облысымызға белгілі, елге сыйлы Мырзабек Дүйсенбінов ағамыздың жекеменшігінде болатын. Ұлағатты ұл, өнегелі қыз өсіріп, облысымыздағы мерейлі отбасының біріне айналған ақсақал ел игілігіне қажет болған жерді, Алла разылығы үшін тегін береді. Мешіттің барлық құрылысының қаржылық жұмысын жүргізетін «Ұран» қоғамдық қоры құрылып, мешіттің жобасын жасауға тапсырыс берілді. Алла үйінде тек намазхана, таһаратхана ғана емес, сонымен қатар медресе үшін дәрісханалар, кітапхана, компьютер бөлмесі, Құран оқылатын бөлме, неке залы да жоспарланды. Құрылысқа облыс және қала тұрғындары, оның ішінде ұлтына, нәсіліне, тіпті діни ұстанымына қарамастан барлық тұрғындар белсене атсалысты. Халықтың осындай ықыласы арқасында «Иман» мешітінің құрылысы 2014 жылы аяқталып, сол жылы қараша айында қасиетті Құрбан айт мерекесінде салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

«Иман» мешіті үш қабатты. Төменгі қабатында кітапхана, гардероб, дәрігер бөлмесі; екінші қабатта ер кісілердің намаз залы, әйелдердің намаз залы, неке залы, мешіт имамдары және Құран оқылатын бөлме; екінші қабатта медресе дәрісханалары, компьютер бөлмесі орналасқан. Намаз залдарына 1 180 шаршы метр кілем төселген. Олар Түркиядан әкелінген. Мешіттің негізгі күмбезінің биіктігі 40, ені 20, ішкі кеңістігі 500 шаршы метр. Күмбез биіктігінің 40 метр болуы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 40 жасында пайғамбарлық берілген дегенді білдіреді. Мешіттің екі мұнарасы бар. Әрбір мұнараның биіктігі 63 метрден. Бұл пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеден өткен жасын білдіреді.

Мешіт михрабында және күмбездің ішкі бөлігінде алтынмен көркемделген мозайкамен Құран аяттары өрнектелген. Мозайкалар Италияда дайындалған.

Мешіттің іші-сырты, ұстындары, едендері, баспалдақтары түрлі-түсті мәрмармен, сұрғылт гранитпен қапталған. Мешіт алдында су бұрқағы және гүлзарлы алаң, түнде айналаны сәулелендіретін прожекторлар мен шамшырақтар қойылған

Мешітте жұма және айт намаздары кезінде 2 500 жуық адам емін-еркін құлшылық жасай алса, жазда 10 000 тарта кісілердің сәждеге жығылуына мүмкіндігі бар.

{gallery}IMAN-MASJID{/gallery}