ӨЗБЕКСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

14 Jan 2018 0 comment Оқылды: 284 рет

Өзбекстанда биыл Халықаралық Құран жарысы өтеді. Бұл туралы республиканың министрлер кабинеті жанындағы Дін істері жөніндегі комитеті хабарлады. Құран фестивалі Бұхара облысындағы биыл ғана ашылған «Мир Араб» жоғары медресесінде ұйымдастырылмақ. «Бірінші халықаралық Құран фестивалін өткізу туралы бастамаға үкімет қолдау көрсетті. Қазір біз оның бағдарламасын әзірлеуге кірісіп жатырмыз. Конкурс құжатын жаз маусымына қарай үкімет бекітеді» делінген комитет хабарламасында. Ведомство мәліметінше, Құран фестивалін өткізудегі басты мақсат – дәстүрлі ислам, мәдени құндылықтарды таныту. Айта кету керек, қазір Өзбекстанда 32 миллион тұрғын бар. Оның 94%-ы – мұсылмандар, 3,5% – православтық христиандар, қалғаны – өзге діни конфессия өкілдері. 

Kazislam.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз