Басып шығаруға арналған нұсқасы

БАС МҮФТИ "ӘЗІРЕТ СҰЛТАНДА" ҚҰРАН ХАТЫМ БАТАСЫН ЖАСАДЫ

12 Jun 2018 0 comment Оқылды: 103 рет

Бүгін еліміздің мұсылман жамағаты қасиетті Рамазан айының 27-жұлдызына дөп келген Қадір түнін қарсы алып, құлшылықпен түн өткізді. Бұл түні еліміздің Бас мешітіне жиылған қалың жамағат Қадір түнін ерекше ықыласпен өткеріп, жамағатпен бірге Құран хатым батасына қатысты.

Бас мешіттегі берекелі кешке ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бен Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев қатысып, жамағатты қасиетті Қадір түнімен құттықтады.

Құптан намазынан соң қалың жамағатқа түндердің төресі болған қасиетті Қадір түні турасында уағыз айтып, мүбәрак түнді құлшылықпен өткізуге үндеді. Еліміз бен жеріміздің амандығын тілеп, қасиетті түнде қазақ елі үшін дұға жасауға шақырды.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз