Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

МЕККЕДЕ УАҒЫЗ-НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

20 Aug 2018 0 comment Оқылды: 126 рет

Мекке қаласында Қажылық миссиясы жанындағы Уағыз-насихат тобының кезекті жиналысы өтті.

Жиынға наиб мүфти, миссия төрағасы Бауыржан қажы Əбдірашұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мəжиев, ҚМДБ Шариғат жəне пəтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы,  уағыз-насихат жұмысына жауапты имамдар қатысты.

Басқосуда қажылардың діни рəсімдерді дұрыс атқаруын қадағалау, діни үкім беруде жан-жақты мəселені ескеру, дәстүрлі емес діни көзқарастағы тұлғалардың уағыз жүргізуіне жол бермеу, əр қажыны толғандырған сұраққа тыңғылықты жауап беру, т.б. мəселелер талқыланды.

Жиын барысында ҚМДБ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ермек Мұқатай миссия жанындағы уағыз-насихат тобының жетекшісі ретінде тағайындалды.

Кездесу соңында Қажылық миссиясының басшылық құрамы имамдарға нақты тапсырмалар берді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз