БАС МҮФТИ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

15 Nov 2018 0 comment Оқылды: 18 рет

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына жасаған сапары аясында өңірдегі дін қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жуырда Жамбыл облысында өткен электронды аттестация қорытындысын жариялады. Жақсы, өте жақсы нәтиже көрсеткен имамдарға алғысын жеткізді.

«Расында, біз, барша дін қызметкерлері жауапкершілігі жоғары заманда өмір сүріп отырмыз. Асыл дініміздің аманаты бізге жүктелген соң діни саладағы қызметімізге аса жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Ол үшін ең әуелі жан-жақты білім алып, кәсіби біліктілігімізді арттыруымыз керек.
ХХІ ғасыр – білім мен технологияның заманы. Біз замана ағымының бұл үдерісінен әсте қалмауымыз тиіс. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Үздік 500 зияткер имам» жобасын қолға алған болатын. Осы жобаға Жамбыл облысының үздік имамдары да қатысуы тиіс», – деп атап өтті Бас мүфти.

ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораздың дін қызметкерлеріне арналған тағылымды дәрісіне жергілікті 500-ден астам имам қатысты.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз