Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

«Рухани Жібек жолы» атты IV ғылыми-діни конференция басталды

11 Apr 2019 0 comment Оқылды: 189 рет

Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында «Рухани Жібек жолы Ислам және жастар: Қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV ғылыми-діни конференциясы басталды. Конференция астанадағы Hilton Astana қонақ үйінің ғимаратында өтуде. Конференцияға ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Ресей мүфтилер кеңесі және РФМДБ төрағасы, Бас мүфти Равиль Гайнутдин, Қытай Ислам Ассоциациясы төрағасы Хасан Янг Фаминг, ӨМДБ төрағасы, Бас мүфти Усмонхан Алимов, ҚМДБ(Қырғызстан) төрағасы, Бас мүфти Мақсатбек Токтомушов, сондай-ақ жақын және алыс шетелден келген дін өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысуда.

2 күнге созылатын конференцияда жастардың әлеуметтік проблемаларға төтеп беру, діни ұйымдардың жастар арасынан жаңа буын мұсылмандарды тәрбиелеудегі орны мен рөлі, заманға сай жас мұсылмандармен жұмыс жасау тәсілі сияқты тақырыптар қозғалып, талқыланатын болады.

Конференция қатысушылары  діни басқармалар және басқа да діни ұйымдардың алдында әр жас буын мұсылмандарының арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін жүйелі түрде жұмыс жасау керектігін атап өтті. Бұл өзгермеске ұшырамайтын асыл дініміздің құндылықтары тұрақты болашағымыздың нығая түсуіне ықпал етуі сөзсіз.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз