Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

Кембриджде эко-мешіт ашылды

14 Apr 2019 0 comment Оқылды: 88 рет

Ұлыбританияның Кембридж қаласының мұсылмандары көп қоныстанған Милл-Роудта эко-мешіт ашылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі. Бұл мешітте бір уақытта 1000 адам намаз оқи алады (ерлер – 800, әйелдер – 200). Сондай-ақ, онда балалар алаңы, кездесу залы, дәрісханалар бар.  Кембридж мешіті Еуропадағы тұңғыш эко-мешіт болып табылады. Бұл діни ғимараттың ерекшелігі – нысанның құрылысында энергияны үнемдеуші құрылғылар кеңінен пайдаланылған. Ал нысанның үлкен терезелері күн көзінен қуат алып, мешітті электр қуатымен қамтамасыз етеді. Эко-мешіт жобасын белгілі ғалым, Кембридж университетінің ислам білімдерінің оқытушысы Тим Уинтер жасаған. Дереккөз: azan.kz

© ummet.kz 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз