Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

ҚМДБ: ОРАЗА АЙТ КҮНІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ

02 Jun 2019 0 comment Оқылды: 57 рет

Ораза айт рамазан айынан кейінгі шәууәл айының бірінші күніне сәйкес келеді. Жаңа айдың басталуы шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Жаңа айды көріп ораза тұтыңдар, жаңа айды көріп, ауыздарыңды ашыңдар», - деген.
2019 жылдың 11 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында өткен басқосуда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімдерінің басшылары жаңа айдың тууын халықаралық астраномиялық зерттеу орталықтарының әдістемесі негізінде белгілеуге бірауыздан келісті. Сондай-ақ оған 4 шарттың табылуы айтылды. Олар:

1. Ай жаңасы 15 сағат 33 минут жалғасады;

2. Ай мен күннің бату аралығы ең азы 29 минут;

3. Айдың күннен ұзарту бұрышы (elongation) 7,7 градус;

4. Айдың горизонттан биіктігі (altitude) 5 градусты құрайды.

Осы шарттар табылған жағдайда жаңа ай басталған болып саналады.

Сонымен қатар, Қазақстанда белгілі В.Г.Фесенков атындағы астрофизика институтының мәліметі бойынша, жаңа айдың көрінуі 4 маусымға тура келеді, бұл күні айдың батуы күн батқаннан кейін 1 сағаттан кейін болады.

Осыған орай, биыл 2019 жылы Қазақстанда ораза айт күні 5 маусымға сәйкес келіп тұр.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз