Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

БАС МҮФТИ ҚАЙТА САЙЛАНҒАН РАВИЛЬ ГАЙНУТДИНДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ (ФОТО)

24 Sep 2019 0 comment Оқылды: 92 рет

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары аясында «Ислам жаһандық әлемде: Мұсылман мирасы және мәдениетаралық диалог» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жұмыс сапары барысында Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы болып қайта сайланған Равиль Гайнутдинді құттықтады. Сонымен қатар, Равиль Смағұлұлына 60 жылдық мерейтойына байланысты игі тілегі мен жылы лебізін жеткізді.

Салтанатты шарада сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

«Қадірлі Равиль хазрет Смағұлұлы, Сізді өзімнің, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұжымы мен біздің еліміздегі миллиондаған мұсылмандар атынан жаңа бес жылдық мерзімге қайта сайлануыңызбен, сонымен қатар 60 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала мерейіңізді үстем етсін. Ислам дініне қызмет ету, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы байланысты арттыру жолындағы жұмысыңызға береке тілеймін! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға табыс тілеймін», – деп атап өтті.
Бас мүфти қазақы дәстүрмен ресейлік әріптесінің иығына шапан жапты. Кәде-сыйды табыстады.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз