Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ҚАЙРАТ ҚҰРМАНБАЕВ – ҚАЗАҚСТАН ДІНТАНУШЫЛАР КОНГРЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

17 Apr 2021 0 comment Оқылды: 39 рет

Қазақстан дінтанушылар конгресінің кезектен тыс мәжілісі өтіп, өзекті мәселелер талқыланды.

Онлайн форматта өткен жиында конгрестің атқарған жұмыстарына шолу жасалды. Еліміздегі дін саласындағы жаһандық сын-қатерлер мен тенденцияларды және олардың Қазақстандағы рухани кеңістікке әсер-ықпалын ескере отырып, бұл құбылыстарды жүйелі түрде зерттеу маңыздылығы сөз болды. 

Қазақстан дінтанушыларының кезектен тыс басқосуы нәтижесінде ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев Қазақстан дінтанушылар конгресінің төрағасы болып сайланды.

«Дінтанушылар конгресін дамытуға қатысты сенімдеріңізге алғыс білдіре отырып, ел игілігі жолында ынтымақтастықта жемісті еңбек етуге үміт артамын» деген жаңа төраға Қайрат Құрманабев конгресс жұмысын жандандыру жолында күш-жігерін салатын айтты.

Қазақстан дінтанушылар конгресі төрағалығын осыған дейін белгілі ғалымдар Ғарифолла Есім, Бақытжан Сатершинов жетекшілік жасаған болатын. Ендігі тізгін ғылым саласында ғана емес, басшылық тәжірибесімен де танылып үлгерген ғалым Қайрат Құрманбаевтың құзырына өтті.

 
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз