Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

БАС МҮФТИ ДЕПУТАТПЕН БІРҚАТАР МӘСЕЛЕНІ ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

21 Apr 2021 0 comment Оқылды: 70 рет

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған Мәжіліс депутаты Ілияс Жүсіпұлымен кездесті.

Басқосуда ұлтаралық татулықты нығайтудың маңызы, дін қызметкерлерінің білімін көтеру, жастарды дін мен дәстүр құндылықтары аясында тәрбиелеу, тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында игі іс-шараларды жүзеге асыру, т.б. мәселелер талқыланды.

Бас мүфти еліміздегі мұсылман жамағатының Әбу Ханифа мәзһабын ұстануы діни тұтастық пен бірлікті нығайтуға оң ықпал етіп келе жатқанына айрықша тоқталып өтті.

Сондай-ақ, Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма Жамбыл облысы Қордай ауданындағы діни ахуалға айрықша назар аударып отырғанын, жергілікті жамағат арасында ақпараттық-түсіндірме және уағыз-насихат жұмыстары қасиетті Рамазан айында да жалғаса беретінін жеткізді.      

«Бірлік пен бейбітшілік – басты құндылығымыз. Оны қастерлеп, қадіріне жету және баянды ете түсу – әр азаматтың Отан алдындағы ортақ борышы болуы тиіс. Біз осы бағытта бірлесе жұмыс істесек, ісіміз нәтижелі болады деп есептеймін» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында тараптар бірлескен ортақ игі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. 

 
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз