Талдықорған: Лепсіде жаңа мешіт ашылды

02 Oct 2018 0 comment Оқылды: 24 рет

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/2512-taldy-or-an-lepside-zha-a-meshit-ashyldy.html#sigProIdb64174e71f
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі, Алакөл ауданы, Лепсі ауылында сəні мен сəулеті жарасқан, күмбезі көкпен таласқан, көрікті де көркем мешіт ашылды. Мешітті белгілі кəсіпкер, меценат Бауыржан Кеңесбекұлы өз қаражатына салдырды. Мешіт ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының найб мүфтиі, теология ғылымының докторы Алау Əділбаев пен Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы келді. Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері мен ауыл имамдары келіп, тарихи күннің куəгері болды. Найб мүфти Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің ыстық сəлемін жеткізіп, арнайы сыйлығын тарту етті. Мешіттің лентасы қиылып, екі бас сəлем намазы оқылды. Келген қонақтарға дастархан жайылып, қонақасы берілді.

Бауыржан Кеңесбекұлы ел игілігі үшін біраз қайырымдылық жасаған абзал жан. Соның бірі де бірегейі еліміздің түкпірінен спортқа икемі бар жасөспірімдерді жинап, мектеп-интернатта оқытуы. Мешіт ашылуында қонақта болған наиб муфти Алау Әділбаев осы болашақ чемпиондармен кездесіп, насихат айтып, жылы лебізін білдірді. Алакөл ауданының керемет табиғатымен тыныстаған жергелікті халық келген қонақтарымызға алғысын білдірді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз