Талдықорған: Имамдар білімін жетілдірді.

11 Oct 2018 0 comment Оқылды: 25 рет

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/2525-taldy-or-an-imamdar-bilimin-zhetildirdi.html#sigProId1d43f2c486
Рухани ұстаз атанған имамдар қазіргі қоғамда үлкен мен кішіге бірдей ілім үйреткен қабілетті жан. Десекте, діни кадрларымыздың білімін үнемі жетілдіріп отыру – қазіргі заман талабы. Осы мақсатта ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының тапсырмасымен өткен жылы бастауын алған имамдардың білімін жетілдіруге арналған оқыту курсының бүгін 6-шы тобына дәрістер аяқталды. Күні бүгінге дейін құрамында 20-дан астам имамы болған, 6 топ біліктілін арттырды. «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының қолдауымен өткен 20 күндік оқу семинарына алыс-шалғай ауылдардан 15 имам келіп, білімін шыңдады. Өңірдің өкіл имамынан бастап, білгір ұстаздарынан Құран мен ақида, фиқһ, заң мен этика, халал стандарттау бойынша жан-жақты сусындаған имамдар емтихан тапсырды. Білім деген ұлы құндылық жайында сөз еткен өкіл имам батасын беріп, имамдарға арнайы сертификаттар табыстады.    

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз