Талдықорған: Имамдар білімін жетілдірді.

01 Nov 2018 0 comment Оқылды: 16 рет

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/2563-taldy-or-an-imamdar-bilimin-zhetildirdi.html#sigProId2da3a6661d
Біз бүгінде жаңа технологиялардың дамыған заманы - ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз. Аллаға шүкір, ұлтымыз иманға ұйысып, халқымыздың діни сауаты артып келеді. Сондықтан мемлекетімізге сауатты, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, кез-келген діни мәселені байыппен, байсалдылықпен шешуге тырысатын білімі мен білігі толысқан имам-молдалар қажет. Діни һәм ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, өркениет көшінен кеш қалуға болмайды. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының алдына қойған негізгі жұмыстарының бірегейі - имам-молдалардың сауатын жетілдіріп, оларды қайта сараптаудан өткізу арқылы діни қызметтің сапасын арттыру. Осы мақсатта ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының тапсырмасымен өткен жылы бастауын алған имамдардың білімін жетілдіруге арналған оқыту курсының бүгін 7-шы тобына дәрістер аяқталды. Күні бүгінге дейін құрамында 15-ке жуық имамы болған, 7 топ біліктілін арттырды. «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының қолдауымен өткен 20 күндік оқу семинарына алыс-шалғай ауылдардан 15 имам келіп, білімін шыңдады. Өңірдің өкіл имамынан бастап, білгір ұстаздарынан Құран мен ақида, фиқһ, заң мен этика, халал стандарттау бойынша жан-жақты сусындаған имамдар емтихан тапсырды. Жетісу жеріне жұмыс сапарымен келген ҚМДБ-ның заңгері Сағитжан Даулетияр ағамызда сөз алып, батасын берді. Білім деген ұлы құндылық жайында сөз еткен өкіл имам сәттілік тілеп, имамдарға арнайы сертификаттар табыстады.    

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз