Талдықорғанда Халал асханалардың саны артуда

03 Nov 2018 0 comment Оқылды: 12 рет

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/2571-taldy-or-anda-khalal-askhanalardy-sany-artuda.html#sigProIdc3bcb5c6c0
Өңірімізд
егі «Талдықорған-Комфорт» ЖК қарасты «TANDOOR», «БАЗИЛИК» асханаларының басшысы Талипов Дәурен Оразғалиұлына ҚМДБ-ның «Халал» сертификаты табыс етілді.

Талдықорған қаласында аталмыш кәсіпкердің асханалары біраз жылдан бері жұмыс жасап, халықты түрлі тағамдар, дәмді тоқаштармен қамтамасыз етіп келеді. Кәсіпкер Халал өнімдерін дайындауымен қатар өңіріміздегі қайырымдылық шараларына да жие қолдау білдіріп келеді. «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Талдықорған өңіріндегі өкілі Медетбеков Аман «Талдықорған-Комфорт» ЖК қарасты асханаларда болып, ҚМДБ-ның «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің халал өнімдерін стандарттау ұйымының талаптарына толық сай екендігіне көз жеткізіп, оң қорытындысын шығарды.

Жұма намазының уағызынан кейін ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы жамағатқа жағымды жаналықты жеткізіп, қаламыздағы жақсылық жаршысы атанған кәсіпкер Талипов Дәурен Оразғалиұлына асхана өнімдері - 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екендігін ресми түрде растап, «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің халал өнімдерін стандарттау ұйымының «Халал» сертификатын табыстады.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз