Жетісу жерінде көрікті мешіт ел игілігіне берілді.

07 Nov 2018 0 comment Оқылды: 13 рет

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/2577-zhetisu-zherinde-k-rikti-meshit-el-igiligine-berildi.html#sigProId2a70b32ad7
Алакөл ауданы, Ынталы ауылында ауыл тұрғыны, Ұшқын шаруа қожалығының басшысы, Ділдебаев Амантай мырзаның демеушілігімен көрікті де көркем мешіт ашылды. Мешіт ашылуына қала қонақтары мен ауыл тұрғындары сондай-ақ, ауыл имамдары келді. Талдықорған қаласы орталық Иман мешітінің найб имамы Өкен Шынарбек өзінің құттықтау сөзінде халық үшін салынған мешіт жамағатымен көрікті екенін тілге тиек ете келе, мешіт халықты береке-бірлікке шақыратын орда болуы керектігін айтты. Аудан әкімі Әлібек Әскербекұлы, Ынталы ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы да өз тілектерін білдіріп, қуанышты күнмен құттықтады. Мешіттің лентасы қиылған соң мешіт ішінде екі рәкат мешіт сәлем намазы оқылды. Мерекелік шара ауыл халқының жайған дастарханында жалғасын тауып, ақ тілектер айтылды. Өкен Шынарбек уағыз айтып алғашқы жұма намазы оқылды.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз