Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

Қаратал: Қайырымдылық – ізгі амал

11 Feb 2019 0 comment Оқылды: 140 рет

Ақпан айының 8 күні Үштөбе қалалық мешітінде республикалық «Қайырымдылық керуені» іс-шарасы аясында Үштөбе қаласының имамы Әбудардан Таласбайдың ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Адам бойындағы ізгі қасиеттерді – жомарттық, мейірбандық, қамқорлықты арттырып, иманды күйшейтетін игі шараға жұртшылық көптеп қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов жұртшылық алдында сөз алып, қайырымдылық жасау арқылы адамдар бір-біріне мейірімділігі мен сыйластығы артып, тұрмысы төмен отбасылардың жағдайы түзеле түсетінін баяндады. Үштөбе қаласы мешітінің бас имамы Әбудардан Таласбай қайырымдылық адамдардың ықылас-пейілін арттыратын, сауабы зор амалға жататынын тілге тиек етіп, осынау амал жайында ғибратқа толы уағыз-насихат айтты.
- Ауданымыздағы жетім-жесір, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасы, жарымжан жандарға көмек беру үшін кәсіпкерлерге қайрымдылықтың қайырлы іс екенін түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Дүкендер мен халыққа қызмет көрсету орындарын аралап, иелеріне ислам дінінің асыл құндылықтарын дәріптедік. Соның арқасында жаны жомарт жандардың назары қамқорлыққа мұқтаж адамдаға ауып, қайырымдылық жасады, - дейді Әбудардан Нұрсапаұлы.
Қайырымдылық шарасы аясында тұрмысы төмен 45 отбасыға көмек көрсетілді. Нақтырақ айтсақ, 31 бас қой, 7 қап ұн, сондай-ақ азық-түлік тауарлары берілді.
Осылайша, жаны жомарт азаматтардан көмек алған қарапайым халық қатты қуанып, көмек қолын созған азаматтардың отбасына амандық, істеріне сәттілік пен береке тіледі.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/2734-aratal-ajyrymdyly-izgi-amal.html#sigProIdd66785fd8b

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз