Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

Талдықорған: Білімді талап ету әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз!

11 Mar 2019 0 comment Оқылды: 53 рет

 

Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әйел жамағат арасында «Білімді талап ету әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз» атты білім сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты – әйел,қыз келіншектерге дұрыс сенімді насихаттай отырып,діни білімін арттыру.

Шараға қатысқан бас имам Данагулов Алмас қатысушы әйел жамағатқа сайыстың мәні мен маңызына тоқталып, сәттілік тіледі. Ал, жарысқа қатысқан әйел жамағат сегіз топқа бөлініп компьютер арқылы «Ақида, фиқһ, ислам тарихы және Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен» тесті арқылы өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша 100- тест сұрақтарына үздік жауап берген 1-орынды «Тақуа» тобы 96 сұраққа жауабберді, 2-орынды 77 сұраққа «Хасина» тобы жауабберді, 3-орынды 62 сұраққа «Тасним» тобтары иеленді. Үздік жауап берген   3-тобқа   сый-сияпаттармен марапатталды.

Сонымен қоса көрермен болып отырған әйел жамағаттарға ауызша бейнетақта (проектор) арқылы сұрақтар қойылып, белсенділік танытқан апаларымызға сый-сияпатар берілді.

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз