Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

Үлгі аларлық іс

14 Mar 2019 0 comment Оқылды: 44 рет

Халқымыздың «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген жақсы бір қанатты сөзі бар. Әрдайым игі істің бастамасы болып жүрген кісілерді көргенде осы сөз еске түседі.
Талдықорған қаласы, Еркін мешітінің бас имамы Омар Хадыс ұстаз жақсы істерге басшы болып жүретін қашанғы әдетімен Алла Тағаланың пенделерге қасиетті ай қылып жіберген Ережеп айы кірісімен дереу жамағатына ой тастап, осы қасиетті айдың алғашқы дүйсенбісінде оразаға ұстаған жамағатқа мешіт жанында орналасқан «Әмина» тойханасында ауызашар беруді ұйымдастырды.
Аталған ауызашарға қала аумағында орналасқан бес мешіттің ораза тұтқан жамағатына алдын-ала хабарландыру беріліп, шақырылды. Үстіміздегі жылдың 11 наурызы күні Омар ұстаздың басшылығымен Еркін мешітінің жамағаты бір кісідей ұйымдасып, 200-ден аса адамға ауызашар берді.
Дастархан басында Омар ұстаз сөз алып, мешітте білім алып жүрген шәкірттерге сертификат берілетінін хабарлады. Сонымен қатар өз білгенін өзгелерге үйретуден аянбай жүрген Ерлан атты белсенділігін тнытқан шәкірттің еңбегіне ерекше тоқталып өтті. Бірнеше шақырым жерден ауру аяғына қарамастан жаяу келетін Ерланға разы болған жамағаттың ол кісіге сыйлығы - электр тогымен жүретін самокат.
Содан кейін тәжуид курсын бітірген 20 шәкірттің сертификаты табысталды. Келесі кезекте Құран әліппесі курсын бітірген 60 шәкірттің сертификаты тапсырылып, құттықтау сөз айтылды. Бұл жердегі бір таңғаларлық жайт – сертификат алған шәкірттердің арасында 5-6 жастағы баладан, жасы алпыстан асып кеткен қарттардың болуы еді.
Арнайы шақырылған қонақтар арасынан Мұхаммед Өрдебай ұстаз жамағатқа ой салар уағыз айтып, жалпыны келіп жеткен қасиетті Ережеп айымен құттықтады. Уағызында қасиетті үш айдың ерекшеліктеріне тоқталып, баса айтты. Сонымен бірге мұсылман адам үшін білім алудың қаншалықты маңызды екенін, әрі білім алудың еш уақытта кеш еместігін түсіндірді.
Ұстаздарымен бірге естелік ретінде суретке түсуге жиылған сертификат алған шәкірттердің жүздері бал-бұл жанып, көздері ұшқын шашып тұрды.
Ауызашараға келген жұрт Еркін мешітінің имамдары мен жамағатына риза көңілмен рахметін айтып, құптан намазын оқып, бір-ақ тарады.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/2787-lgi-alarly-is.html#sigProId9f476615fb

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз