Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

ҚМДБ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

11 Apr 2019 0 comment Оқылды: 31 рет

Бүгін "Рухани Жібек жолы. Ислам жəне жастар: қазіргі заманның сын-қатерлері" атты IV халықаралық діни-ғылыми конференцияның жабылу салтанаты өтті.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз конференцияда айтылған ұсыныстар мен идеялардың, парасатты пікірлер мен баяндамалардың маңыздылығына тоқталып, көтерілген мәселелер бойынша бірігіп жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар, халықаралық айтулы басқосу Қазақстан, Ресей, Қытай, Орталық Азия елдерінің миллиондаған мұсылмандары мен дін қайраткерлерін ортақ мақсатқа үндегенін айрықша атап өтті.

Халықаралық шараның жабылу салтанатында Ресей мұсылмандары діни басқармасы жəне Ресей мүфтилер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Рушан хазірет Аббясов конференцияның Қарарын оқып берді.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/2835-mdb-khaly-araly-konferentsiyany-zhabylu-r-simi-tti.html#sigProId98192a2307

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз