Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

Мешіт ұстазына үш бөлмелі үй берілді.

14 Apr 2019 0 comment Оқылды: 27 рет

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/2838-meshit-stazyna-sh-b-lmeli-j-berildi.html#sigProId82270fa038

Алакөл аудандық орталық мешітінің ұстазы Айдар Мұратұлына мешіт жамағаты, кәсіпкер, Себепов Асқар мырза өзінің жанұясы атынан мұсылманның бес парызының бірі болған зекеті ретінде Үшарал қаласының орталығынан үш бөлмелі үй берді.
Жұма намазы алдында үйдің құжатын Айдар имамға табыс етіп, жанұясына бақыт тіледі. 
"Зекет- Алла Тағала Құранда айтқан 8 топтағы адамға берілу керек. Ал имамдар сол топтың ішіндегі Алла жолында қызмет етушілердің қатарына кіретіні себепті халыққа асыл дінімізді насихаттап жүрген дін жолындағы азаматқа беруді жөн көрдім",-деді өз сөзінде Асқар мырза.
Зекетін көпшіліктің көзінше беруі, басқа да азаматтарға үлгі болу ниетінен туындаған ізгі амал еді.

Алакөл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз