Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

Ақтекше ауылдық мешітінде осы ауылдан шыққан азаматтардың басын қосқан рухани жиын болып өтті.

14 Apr 2019 0 comment Оқылды: 16 рет

Көксу ауданы Ақтекше ауылдық мешітінде осы ауылдан шыққан азаматтардың басын қосқан рухани жиын болып өтті. Отырыстың көтерген тақырыбы  Алла Тағаланың адамзатқа берген хақ жолын ауыл халқына насихаттау, мешіттің ішкі-сыртқы жұмыстарына халықты жұмылдыру, бес парыздың бірі зекетті жандандыру туралы сөз болып, ауыл-аймақ төңірегіндегі күнделікті күрмеуі толғандырып жүрген мәселелер қозғалды, жиналған жамағатқа Ислам дінінің бауырмалдық дін екенін айта келе, дініміз бойынша адамдардың бір-біріне сүйіспеншілік танытуы, бауырына қолдау көрсетуі – бауырластық үлгісі турасында жиналған көпшілікке кеңінен тағылымы мол, ғибратты насихат айтылды. Аталмыш шараға қатысушы жамағат осындай бас қосудың ауыл халқына берері мол екенін алға тартып, жиі өткізілсе деген тілектерін жеткізді. Сонынан дастархан жайылып,ақ сақалды аталарымыз баталарын берді.

 

Көксу аудандық «Балпық би» мешітінің

баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз