Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

Жаркентте екі пәтер берілді

07 May 2019 0 comment Оқылды: 73 рет

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Панфилов ауданында «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық акциясында екі отбасы пәтерлі болды. Панфилов аудандық орталық мешітінің бас имамының ұйытқы болуымен және Панфилов ауданы бойынша «Зекет қорының» мен жергілікті мешіт жамағатының қолдауының арқасында Үлкенағаш ауылы мен Шолақай ауылының екі отбасы баспаналы болды.
Үлкенағаш ауылының тұрғыны 78-жастағы мүгедек анасы мен 6 балалы жалғыз басты ана Молдахметова Назгүлге ауданға қарасты мешіттерде «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық акциясына арналған жәшіктер қойылып, аудан халқының және қолы ашық қайырымды жандардың үлес қосуымен жиналған қаражаттан 3 бөлмелі үй алып берілді.
Шолақай ауылының тұрғыны 5 балалы, денсаулығы нашар, отбасы жағдайы төмен Байдаулетов Ермек Абдулұлы отбасына ауыл имамы және мешіт жамағаттары ұйтқы болып «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында жиналған қаражатқа 3 бөлмелі үй салып берілді.

Жиналған қаражатты Панфилов ауданы бойынша «Зекет қорының» өкілі Жайшыбеков Қабди өз қолымен тапсырды. Пәтер алған отбасылар көмек қолын созған барлық қайырымды жандарға шексіз алғысы мен разшылығын білдіріп, отбасыларына амандық тіледі. Қайырымдылық шараға ауыл әкімдері, ақсақалдары, мешіт жамағаттары мен ауылдық жігіт басылары қатысты. Үйде ақ дастархан жайылып, Құран оқылып, бата тілектер айтылды.
Аллаға шүкір екі отбасының баспаналы болған жандардың қуанышқа бөленуіне атсалысқан ел жүртқа Алла рахымын шашсын. Халқымыз айтқандай «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші осы қайырымдылық акциясы ары қарай жалғаса беруін Алла тағала насып етсін.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/2905-zharkentte-eki-p-ter-berildi.html#sigProId1dbc2ed9da

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз