Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

Балалар күніне арнайы бағдарлама

02 Jun 2019 0 comment Оқылды: 70 рет

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі өкілдігі Жастар ісі бөлімі арнайы бағдарлама әзірледі.
«Алтын жан» еріктілер орталығымен бірлесе Талдықорған қаласының «Статус» мейрамханасында мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер ойын-сауық шоуына қатысып, ойыншық сыйлықтар алумен көңілдерін көтерді. Одан соң 3 үлкен лимузинге отырып, қаланың көрікті жерлерін серуендеумен орталық саябақта аттракциондарда көңілді уақыттарын өткізді.
Бүлдіршіндерге арнап Бикен Римова атындағы облыстық драма театрында "Құстар фестивалі" атты ертегілік спектакль қойылды. Театр актерлары балаларға құстар әлемінен ертегілер кейіпкерлерін сомдап, көңілдерін бір көтеріп тастады.
Ал, қойылымнан соң жиналған 500-ден астам бүлдіршіндерге өкілдіктің Жастар ісі бөлімі және «Алтын жан» орталығының еріктілері тегін балмұздақ таратты.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/2951-balalar-k-nine-arnajy-ba-darlama.html#sigProId46f7c328a4

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз