Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

Қарауылтөбеліктердің қосқан үлесі

22 Jun 2019 0 comment Оқылды: 57 рет

Бұл қасиетті жұмада Талдықорған өңіріндегі Сарқан ауданы Қарауылтөбе ауылында қуанышты күн болды! ҚМДБ «Зекет» қорының "Ел үлесі- пәтерге" жобасы аясында Сарқан ауданының орталық мешітінде 94-ші баспананың кілті табысталды! Бүкіл ауыл жиналып, ауылға жаңа келіп қызмет еткеніне екі айдың жүзі болған жас имам Жалын Мәжитұлына үй алып беріп қуанышқа кенелтті! Алланың нәсіп еткен береке, бірлігімен жас имамды жаңа қонысына қондырған ауылдағы ағайын алдағы уақытта да оның алаңсыз қызмет етуіне жағдай жасайтындықтарын айтып сөз берді.
Естеріңізге сала кетсек, аталмыш баспана - жоба бойынша Талдықорған өңірінде берілген 34-ші үй.
Осылайша, «Әр қазақ – менің жалғызым» деп ағайын боп, ауыл боп бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мүмкіндігінше көмек қолын созып отырсақ – қандай тамаша! Осы берекелі де қайырлы іске атсалысып, халықты имандылыққа шақырумен қатар, игі істерге жұмылдырып жүрген имамдарға, ауыл тұрғындарына алғысымызды білдіреміз! Баршаңызға АЛЛА разы болсын!

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/2963-arauylt-belikterdi-os-an-lesi.html#sigProIdf6f23da407

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз