Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

Талдықорғандағы ашық аспан астындағы айт намаз

11 Aug 2019 0 comment Оқылды: 28 рет

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне арналған айт намазын оқу үшін Талдықорған қаласының тұрғындары орталық "Иман" мешітінде жиналды.
Қарилар даярлау орталығының шәкірттері таң намазынан соң қасиетті Құранның аяттарын оқумен мерекелік бағдарламаны бастап кетті. Өкіл имамның өнегелі уағызынан соң, қарилар даярлау орталығының алғашқы түлегіне, толықтай Құранды жаттаған Кадиров Ақназарға Құраннан ижаза алғаны үшін Кіші қажылық сыйлығы тарту етілді.
Биылғы Құрбан айт намазын Талдықорған мешіттерінің жамағаттары ынтымағы жарасқан түрде «Иман» мешітінің кең ауласында оқыды. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлының бұл бастамасын бірауыздан қолдаған Талдықорған тұрғындары иісі мұсылманның бірлігі нығая түсуін тілеп, осы бастама жыл сайынғы үрдіске айналуын сұрады.
Айт намазына Талдықорған қаласының әкімі, дін істері басқармасының басшысы, облыс әкімдігінің бөлім басшылары да қатысты.
Мешіт алаңына лық толған жамағат Алладан береке, елімізге ынтымақ-бірлік сұрады.
Айтқа арнайы келген облыс басшысы Амандық Батталов ірі қараны Алла ризалығы үшін құрбандыққа шалса, айттық бағдарлама мешіт алаңынан басталған «Жетісу желаяғы» ұзақ қашықтыққа жүгіру марафоны, спорттық ойындар, қасапшылар жарысы сынды шаралармен жалғасын тапты. Аталмыш спорттық ойындардағы жүлделі орындарға ие болған азаматтарға ақшалай және заттай сыйлықтар берілді.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/3000-taldy-or-anda-y-ashy-aspan-astynda-y-ajt-namaz.html#sigProId375320f5cb

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз