Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

ТАЛДЫҚОРҒАН МЕШІТІ 250 БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАДЫ

26 Aug 2019 0 comment Оқылды: 34 рет

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлының бастауымен және өңірлік Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Талдықорған орталық «Иман» мешітінде жыл сайынғы үрдіс бойынша «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында қалалық мешіттерге түскен өтініштер бойынша көпбалалы жəне мұқтаж отбасының балаларына, арнайы балаларға қамкорлық танытатын бірлестік жəне ұйымдардың балаларына, мектептерден арнайы келген балаларға бас аяғы 250-ден астам балаға мектеп сөмкелері құрал-жабдығымен таратылды. Сонымен қатар тəтті балмұздақтар, тəтті мақталар үлестірілді. Мешіт ауласына үлкен батут тігіліп, ертеңге дейін бүлдіршіндерге балалық қуанышын сыйлайды.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының айтуынша, бұл акцияға өңір мешіттері жыл сайын белсенді түрде атсалысып келеді. Аталмыш шараға қала мешіттері, "Зекет" қоры, "Жақсылықта жарысайық" еріктілер тобы өз үлестерін қосты. Жалпы сомасы 5 миллионға жуық қаржымен өңір бойынша 1500-тен астам оқушыларға оқу құрал-жабдықтары салынған мектеп сөмкелер, мектеп формалары таратылды.
«Қуанса, бала қүансын» деген ниетпен бастау алған республикалық акция бас муфти Серікбай қажы Ораздың хазреттің арқау болуымен жыл сайын еліміздің балапандарын қуантуда.
Болашақ балғындар сапалы білім алып, асыл дініміздің, тəуелсіз еліміздің мықты жанашырлары боларына сеніміміз мол!

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/3013-taldy-or-an-meshiti-250-balany-mektepke-dajyndady.html#sigProId9bb6a03e67

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз