Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

Текелі: Мектепке жол

28 Aug 2019 0 comment Оқылды: 27 рет

ҚМДБ төрағасы Бас муфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен жылда қыркүйек айының алдына ұйымдастырылатын қайырымдылық шара дәстүрге айналды десек артық айтқандық емес. Негізгі бұл шараның мақсаты Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, ата – ананың қамқорынсыз қалған жастарға жасалатын сауапты шара.
Текелі қаласы «Керімбек би» мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы білім алудың маңыздылығы тақырыбында уағыз насихат айтып болашақта еліне пайдасы тиетін жүрегі жұмасақ, жомарт елін сүйетін азаматтардан болуын тілге тиек етті. Қайырымдылық шараға мешіт ақсақалы Шоданбай жеке кәсіпкер Бүркітбай Текелі қаласының «Зекет» қорының жетекшісі Солтан Ақиқат, «Жетісу шапағаты» жетекшісі М. Әбубәкір осы шараға атсалысып жақсылықта жарысайыққа ұйытқы болды.
Шарада 60 оқушыға мектеп сумкасы ішінде жазу сызу жабдықтары және 10 оқушыға мектеп формасын алуға қаржылай көмек көрсетілді. Қазіргі таңда баршамызға белгілі бір баланы киіндіріп мектепке дайындау қыруар қаражат талап етеді. Бұл шараға ұйытқы болған ҚМДБ бас муфтиге мешіт имамына, жеке кәсіпкерге алғысы шексіз екендерін ата – аналар жеткізді.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/3014-tekeli-mektepke-zhol.html#sigProId5902756439

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз