×

Внимание

Возникла проблема при изменении оригинального изображения.
Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/kerbulak5
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Кербұлақ: Спорттық шара өтті

07 Oct 2019 0 comment Оқылды: 90 рет

Алматы облысы Кербұлақ аудандық орталық мешітінің Бас имамы Яқып Айсаның ұйымдастыруымен салауатты өмір сүру салтын насихаттап спорттық іс-шаралар өтті.
Іс-шараға Талдықорған өңірі орталық «Иман» мешітінің найб имамы Дәуітов Керімбек арнайы келіп қатысып қайтты. Спорттық шара шағын футбол, гир көтеру және турникке тартылу сыйақты түрлерінен өтті. Шағын футболға 8 команда қатысты. Жүлделі орындарға сыйлықтар берілді. Сондай-ақ балаларға батут құрылып ойындар ойнатылды. 10 отбасына азық түліктен қайрымдылық жасалды.
Шара соңынан 200 адамға дастарқан жайылып ас берілді. Дастарханға жайғасқан жамағатқа бас имам Яқып Айса «Бірлік түбі тірлік» атты уағыз айтты. Астан кейін мешіт ақсақалдары мен әжелер жиналған жамағатқа және мешіт қызметкерлеріне алғысын айтып ақ батасын берді.

{gallery}kerbulak5{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз