Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

07 Oct 2019 0 comment Оқылды: 37 рет

Талдықорған орталық "Иман" мешітінде "Әйел даналығы - рухани құндылықтың алтын арқауы" атты әйелдерге арналған семинар-тренинг болып өтті. Семинар ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі Әйел-қыздар секторы, Алматы облыстық дін істері басқармасы және "Парасат жолы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді. Семинарда "Отбасы бақыты", "Бала тәрбиесі", "Дін және дәстүр", "Кәсіп" сияқты актуалды тақырыптар қозғалды. Трениг-дәрістерді: ҚМДБ-ның Әйел-қыздар секторының басшысы Ақбөпе Қанатқызы, психолог Ғалия Қайдауылқызы, журналист Жанар Қуанышқызы, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бас маманы Сания Дүйсембиева жүргізді.
Семинардың бірінші бөлімінде мұсылман әйелдің қоғамдағы, отбасындағы рөлі, үйлесімді өмір сүру жолдары туралы өнегелі уағыз айтылып, рух-жігерді көтеретін, түрлі күйзеліс пен стресске төтеп беретін ойындар түріндегі тренингтер өткізілді. Түскі астан соң, семинардың екінші бөлімінде, жеке кәсіп ашу туралы, жеке кәсіпкерлерге арналған мемлекеттің бағдарламалырын айтылып, қазіргі заманның талабы болған әлеуметтік желілердегі әдептер мен тәртіптері туралы дәрістер өтті.
Семинарға қатысушылардың бәріне дәрісті сәтті тыңдағаны үшін арнайы сертификаттар табыс етілді.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/3052-jelderge-arnal-an-seminar-trening.html#sigProIdbf857327a9

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз