Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

ТҰҒЫРНАМАНЫ ТӘЛІМГЕРЛЕРГЕ ТАНЫСТЫРУ ЖҰМЫСЫ

30 Oct 2019 0 comment Оқылды: 28 рет

Республикалық III имамдар форумында бекітілген «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасын түсіндіру жұмысы Талдықорған агротехникалық колледжінде өтті. Кездесуде "Нұр" мешітінің бас имамы Данағұлов Алмас Сағидоллаұлы, дін істері басқармасы және жастар саясаты бөлімі өкілдері қатысты.
Данағұлов Алмас қазіргі қоғам мүшелеріне ең қажетті жеті қасиет жайында жиналған тәлімгерлерге баяндап берді.
«Тұғырнама әр бір мұсылманның тұлғасында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтиды. Атап айтатын болсақ, имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану. Бұл – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық», – деп атап өтті Алмас Сағидоллаұлы.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/3069-t-yrnamany-t-limgerlerge-tanystyru-zh-mysy.html#sigProId7fdbbef094

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз