Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Мешітте Абай 175 жылдығына орай киелі бас қосу

10 Mar 2020 0 comment Оқылды: 90 рет

Күні кеше Семей өңірінде ҚМДБ және Шәкәрім атындағы унтверситеттің ұйымдастыруымен Хакім Абай мұрасының Ислам құндылықтарымен сабақтастығы» атты республикалық конферреция өтті. Ол шарада Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Абайтанушы Ғарифолла Есім және көптеген қонақтар қатысып тұшымды ойлар айтылды. Бізде осындай шараны ұйымдасырып өскелең ұрпаққа пайдамыз тисін деп Алматы облысы Текелі қаласы «Керімбек би» мешітінде Ұлы Ақын жазушы, Қоғам қайраткері, Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 175 жылдығына орай мешітте шара ұйымдастылды. Шарада мешіт имамы Аман Айтбосынұлы және Әйел – қыздар секторының жетекшісі Әсем Қантайқызы және көмекшісі Балжан Ыбрайқызы сонымен қатар Ақжаулықты аналар әйел жамағаты қатысты. Сөз басында Имам Аман Айтбосынұлы «Біз неге дін саласында өзге елдің ғалымдарын көп үлгіге аламыз Мысалы Өзіміз Абай атамызды алайықшы қай сөзін алсаңыз да тұнып тұрған ислам шариғаты тек оқы да амал етсең болғаны Мысалы:
Алланың сөзі де рас, Өзі де рас, Рас сөз ешқашан жалған болмас.
Куллі мақлұқ өзгерер. Алла өзгермес. Әһлі кітап сөзді бекер демес.
Махаббатпен жаратқан адамзатты сен де ол Алланы жәннан тәтті.
Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс» деп өлең шумақтарынан мысалдар келтірді. Шарада Абай атамыздың өлеңдерін оқу талқылау. Сұрақтар қойылып белсенді болғандарға сыйлықтар берілді. Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев өзінің бір мақаласында «Абай – арманы халықтың арманы. Халық аманатын орындау жолында аянбай еңбек етуіміз керек» деген еді. Алла дін үшін халық үшін еңбек етуді баршамызға жазсын. Алла баршамызға екі дүние бақытын берсін. Елімізге, жерімізге тыныштық, береке, ынтымақ берсін Әмин.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/3152-meshitte-abaj-175-zhyldy-yna-oraj-kieli-bas-osu.html#sigProId83a2f29c70

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз