Басып шығаруға арналған нұсқасы

Бас мүфтидің үндеуіне жетісу имамдары үн қосты.

23 Mar 2020 0 comment Оқылды: 165 рет

Талдықорған өңіріндегі дін қызметкерлері бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үздіксіз Құран хатым оқу үндеуіне байланысты аптасына 5 хатым оқып келеді. 5 топтан құрылған әр деңгейдегі 150 дін қызметкерлері 30 пара Құран хатымын тоқтаусыз оқуда. Хатым дұғасын бағыштап, еліміздің тыныштығы мен амандығын сұрау үшін Талдықорған қаласының имамдары орталық "Иман" мешітінде бас қосты. Қасиетті Құран Кәрімді қолға алып Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы еліміз бен жеріміздің, күллі адамзаттың амандығы үшін хатым дұғасын оқыды.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз