Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Loading ...

500 қорап азық-түлік таратылды

13 May 2020 0 comment Оқылды: 43 рет

Талдықорған орталық «Иман» мешітінде Daco Motors компаниясы және "Alem Fighters" спорт мектебі демеушілігімен 500 отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түліктердің түр-түрі салынған қораптар таратылды. Аталмыш іс-шараға мұрындық болған Ардақ Назаров сөзінде барша елді Рамазан айымен құттықтай келе: "Алла елімізге тыныштық, берекелі өмір нәсіп етсін. Ел жанашырлары, ел жігіттері, спортшылары бар, бәріміз болып бірігіп, осы қиын-қыстау кезеңінде осы уақытқа дейін 8 мыңнан аса азық-түлік қорабын таратқан едік. Оның 6 мыңын Алматы қаласында, 2 мыңы Алматы облысына тараттық. Қазақстанның әр бір облысындағы жігіттерді осындай қайырымдылық істерді орындауға шақырамыз" деп сөзін қорытныдылады.
Келген көпшілік жылы лебіздер айтып, көңілдерін қуаныш кернеп, елімізге амандық тілеп тек рахметпен тарқасып жатты.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/3183-500-orap-azy-t-lik-taratyldy.html#sigProId828631d1c0

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз