Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Жақсы маман мүмкіндік іздейді!

10 Dec 2020 0 comment Оқылды: 191 рет

Елордада «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» тақырыбында өтіп жатқан имамдардың IV республикалық онлайн-форумында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының "Зияткер имам" турасында жасаған баяндамасы......Қадірлі Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет! Құрметті ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері! ХХІ ғасыр барша дін қызметкеріне халықты елдікке бастауда білікті рухани жетекші болу жауапкершілігін жүктеді. Тәуелсіздік таңы атқан алғашқы жылдары имам-молдалардың қоғам алдындағы жауапкершілігі діни рәсімдермен шектелетін. Бүгінде дін қызметкеріне қойылатын талап пен міндеттің, жауапкершілік пен ізгі істердің көкжиегі кеңейді. «Зияткер имам» тұжырымдамасынан айқын аңғарғанымыздай, бүгінгі имамға шариғат ілімдерін жақсы білумен қатар, шешендік өнерді меңгеру, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысу, жасампаз және мәмілегер болу, қоғамдық шаралар мен әлеуметтік желіде белсенділік таныту, ұйымдастыру шеберлігін меңгеру, менеджмент, психология, социология сынды зайырлы білімдерді де игеру жауапкершілігі жүктелуде. «Зияткер имам» құжатында дін қызметкерінің тұлғалық қасиетіне қатысты «көркем уағыз-насихат айта білу, пікірталас әдебін сақтау» сынды талаптар жазылған. Жақсы мінез бен көркем насихат – дініміздің басты құндылықтарының бірі. Алла Тағала Мұса (ғ.с.) пайғамбарға дінге қатысты қағидада шектен шыққан перғауынның өзіне көркем насихат айтуды бұйырған. Бұл туралы «Таһа» сүресінің 44-аятында: «Оған сыйпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар» деп баяндалған. Біздің насихат ісіндегі басты бағдарымыз бен мұратымыз осы аяттың аясында өрбуі тиіс деп санаймын. Құрметті мүфти-хазірет! Сіз имамдардың жан-жақты дамуына жіті көңіл бөлумен қатар әлеуметтік мәселемізге де назар аударып келесіз. «Жақсы маман мүмкіндік іздейді, жаман маман сылтау іздейді» демекші, қазір сылтау емес, мүмкіндік іздеп, ізгі істерде ілгері жүретін кезең. Жаратқан Иеміз жауапты кезеңде өзімізге жүктелген міндетті абыроймен атқаруды жазғай. Сөзімнің соңын алаштың ардақты ұлы Ахмет Байтұрсынұлының бір шумақ өлеңімен түйіндеуге рұқсат етіңіздер. «Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр, Жақсылық өз басынан артылмаған... Не пайда өнерің мен біліміңнен, Тиісті жерлеріне сарп ұрмаған» (Ахмет Байтұрсынұлы)

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз