Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Мешіт және мешіт жамағаттарының Ел руханиятына қосқан үлесі

04 Apr 2021 0 comment Оқылды: 24 рет

Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді» делінген.

Жуырда редакцияға аудандық мешіттің бас имамы Серікбек Асқарұлымен мешіт жамағаты сарқандық шаруа қожалығының жетекшісі Маман Ержанов ағамыз келіп, аудан тарихында болмаған игілікті істі бастағандарын жеткізді.   «Алла бұйыртса салт атпен Сарқаннан шығып, 1400-1500 шақырымды бағындырып Шығыс Қазақстан облысы нақтырақ айтсақ Семей қаласына дейін жетіп, кейін қарай қайту. Мақсатымыз көк туымызды желбіретіп қазақ жылқысының төзімділігін, ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақтың рухын көтеру, ат спортын дәріптеу, жастардың патриоттық сезімдерін шыңдау. Осы қыстан бері нақтырақ айтқан үш айдан бері арнайы ат баптап, жаратып, сапарға дайындалып жүрміз. Осы ісіміз арқылы жастарға үлгі болғымыз келеді. Жылқының тек ет пен қымызға ғана арналмағанын, ұзақ жолға, мініске жарайтынын дәлелдесек. Осы сапар үшін атқа арналған жем-шөбі, қажетті дәрумендері бар арнайы автокөлік те қоса жүреді. Ұзақ сапарға шыққан аттарды зорықтырып алмауымыз қажет. Осы жолғы сапар арқылы қазақ жылқысының төзімділігін, кез келген ауа-райына икемделгіштігін насихаттағымыз келеді» деп сапар мақсатын түсіндірді.

Бейсенбі күні орталық мешітте таң намазынан кейін жиылған қауым алдында ауданның бас имамы Серікбек Асқар: осы сапар ҚМДБ-нің 30 жылдығына әрі ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайлдастырып отырғанын, адам өмірінің басым көпшілігі сапар мен белгілі жерге жол жүруден тұратыны баршаға аян. Адамның өмірге келген  мақсаты Жаратушының әмірлерін орындап, бойұсыну болса, мұсылман адам өмірі зая кетпес үшін әр сәтін мүмкіндігінше құлшылыққа, ізгілікке толы болуды көздегені дұрыс. Себебі, кешкен ғұмыр, өткен өмірдің әрбір сәті сұралатыны ақиқат. Жақсы жолдас сапарда – үлкен көмек әрі жүректің тыныштығына себеп.

 Мүмкіндікке байланысты бейсенбі күні сапарға шығу.Бұл пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  сүннетерінен болған амал. Сапарға ерте шығу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):  «Аллам, үмметімнің таңын берекелі ете гөр», – деп дұға қылған екен. «Ерте тұрған еркектің ырысы артық» деген данышпан халқымыз да қандай да бір іске ерте кіріскенді құп көрген. Бұл сауапты іске бекінгеннен кейін аман-есен барып келіңіздер,деп ақ батасын беріп жамағаттарды шығарып салды.

Ж. ЖОМАРТҰЛЫ.


Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз