Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Ескелді аудан орталық мешіт кілемі жаңартылды

07 Apr 2021 0 comment Оқылды: 61 рет

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/3453-eskeldi-audan-ortaly-meshit-kilemi-zha-artyldy.html#sigProIdc148a9a4c3

Қарабұлақ мешітіне заман талабына сай жаңа үлгідегі кілем төселді. Жалпы көлемі 250 шаршы метрді құрайтын кілем жомарт жандар көмегімен алынған болатын.

«Алланың Елшісі ﷺ мешіт салу, оның көркеюіне атсалысу үлкен сауап екенін айтқан. Бұл жайында Пайғамбарымыздың ﷺ хадисінде: «Адам баласы дүние салғаннан соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: үздіксіз садақа, пайдалы ғылым, артынан дұға қылатын салихалы перзент», – деген. Осы сауабы толассыз барып тұратын садақаның бірі - мешіт салу. Мешіттердің шариғат талаптарына сай таза, жарық болып, нұрланып тұруы жамағаттың көңіл- күйін көтереді. Мешіт тек Құран оқып, намаз оқып кететін құлшылық үйі ғана емес, ол жерде жастарымыз білім мен тәлім тәрбие алады.мешіттеріміздің құлшылық орны ғана емес, діни-рухани орталыққа айналуын керек. Мешіт жамағаты ұйымшыл, ынтымағы мен бірлігі күшті, иманы бекем болса, сол халықтың іргесі бекем, берекелі болады.

Ескелді аудандық Қарабұлақ мешітінің баспасөз қызыметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз