Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Талдықорған: Қайырымға толы-ай болды

16 May 2021 0 comment Оқылды: 52 рет

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/3557-taldy-or-an-ajyrym-a-toly-aj-boldy.html#sigProIdc8525efa5e

Қасиетті Рамазан айынан бастап, Айт мерекесіне дейін, мейіріммен қайырымға толы сауапты амалдар осы уақытқа дейін еш тоқтаған емес.

Талдықорған өңірі бойынша, мешіт жанашырлары және имам-ұстаздар, Қасиетті айда қырағылық танытып, аудан-қала, ауыл мешіттерінің имамдары сауапты да жауапты іске белсене араласқанына бәріміз куә болудамыз.

Атап айтсақ: Өңірде, Рамазан айының әр күнінде, ораза ұстаған жандарға күнделікті ауызашар дәмі әзірленіп, үйлеріне жеткізіліп отырды.

Сонымен қатар, осы күнге дейін, 35 000 адамға ауызашар берілсе, 23 000 отбасына « Қайырымдылық қоржыны, Берекелі Рамазан керуені, Рамазан базарлығы, Қайырымды болсаң-қайырын өзің көресің, Айттық дастархан, Ауыз ти т.б» атаумен түрлі акциялар ұйымдастырылып, аталмыш шараларға 31 200 000 теңге қаражат жұмсалған екен.

Аталмыш, игі шаралардың жоғарғы деңгейде өтуіне мешіт демеушілерінің қолдауы септігін тигізсе, одан бөлек, мешітке түскен фидия, пітір садақа әрі халықтан түскен көмектердің жұмсалғанын тілге тиек еткенді жөн көрдік.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі

бойынша баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз