Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Талдықорғанда тағы екі адам баспаналы болды

12 Шілде 2021 0 comment Оқылды: 29 рет

 

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/3614-taldy-or-anda-ta-y-eki-adam-baspanaly-boldy.html#sigProIdb27180c5cd
              

Қазақстан діни басқармасы «Зекет» қорының бастамасымен қолға алынған «Ел үлесі – пәтерге» жобасы көптеген игілікті істерге ұйытқы болуда. Талдықорған өңіріндегі қор өкілдері осыған дейінде Жетісу жеріндегі тұрмысында қиыншылығы бар көптеген жетім-жесір, мүгедек адамдардың үйлі болуына үнемі қол ұшын беріп келді. Маусым айының соңғы жұмасында Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылындағы тағы екі адамға баспана кілті табыс етілді.

«Ел үлесі пәтерге» жобасы акциясының Талдықорған өңіріне жауапты өкілі, Болат Жұмағалиевтың айтуынша, бұл жолғы үйлер «Зекет» қоры арқылы жалпы ел көлемінде табысталған 431-432-ші, ал, Талдықорған өңірі бойынша берілген 77-78-ші баспана.

Үйлердің бірі аймақтағы аты-жөнін жарияламауды сұраған бір азаматтың зекетке берген қаржысына сатып алынып, баспана тұрмысында қиыншылығы бар көпбалалы жалғызбасты анаға берілді.

Сонымен қатар, үйлі болған бұл отбасына «Әйел-қыздар» секторы тарапынан тұрмыстық жабдықтар мен бір миллион (1.000.000 т) теңгенің сертификаты табысталды.

Ал, екінші баспана өткен жылы үйі өртеніп, жарымен бір баласынан айырылған Нұрлан Дәнеқолла есімді азаматқа арнап жаңадан салынып берілді.

Сөз кезегінде жаңа үй йелері жиналған қауымға және өзінің баспаналы болуына көмек қолын созған азаматтарға Алла риза болсын! –деп айырықша алғысын жеткізді.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша

баспасөз қызметі

                                                                                        

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз