Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Қаратал: Сауат ашу курсы аяқталды

08 Sep 2021 0 comment Оқылды: 20 рет

Қаратал ауданы орталық мешітінің бас имамы Бердібек Нұқтарұлы және “Зекет қайырымдылық қорының” өкілі Қанат Егізовпен бірге бірігіп ұйымдастыруымен “Жаздық оқу дәрісінде” оқып білім алған балаларға мараппатау, ата-аналырына алғыс хат табысталды.
Барлық тәлімгерлерге сыйлық таратылып, балалардың қуаныштары шаттыққа толды. Құран кәрімде өз мәнеріне келтіріп, 30-параны жатқа оқып тапсырғандарға орындар тағайындалып, ұстаздарының ыстық ықыласына бөленді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):
خَيْرُكُمْ مَنْ تَعَلّمَ الْقُرأنَ وَ عَلَّمَهُ
«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған екен.
Орталық мешітіміздің ұстазы: Жасұлан Каманбекұлы осы хадиске амал етіп жаз бойы балаларға дәріс беріп шықты.
Алланың жолында еңбек қылып жүрген имам, ұстаз, зекет қорының өкіліне алғысымыз шексіз! Алла баршамыздың істеген амалдарымызды қабыл етіп, сауаптан жазсын дейміз.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/3704-aratal-sauat-ashu-kursy-aya-taldy.html#sigProId5a0e2cad9f

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз