Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

КӨКСУ АУДАНЫНДАҒЫ КӨШПЕЛІ ЖИЫН

11 Jun 2022 0 comment Оқылды: 52 рет

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Алмас Сағидоллаұлының жетекшілігімен Көксу аудандық әкімшілік ғимаратында имамдардың көшпелі жиыны өтті. Дін қызметкерлері бас қосқан жиында “Уақып-сарқылмас сауап” тақырыбында Арман Сламжанұлы, “Қамқор-Шарапат” салттық қызмет көрсету орталығының жұмысы жайында Ыбраймов Юсуф, “Қажылық 2022” тақырыбында Жұмағалиев Болат сөз сөйлеп, ал алдағы аттестация жайында Алпысбаев Жансерік ақпаратпен бөлісті. Жиналыста Құрбан айт мерекесіне орай мүфтияттан келген тапсырмалар легі пысықталды. Бас имам Алмас Сағидоллаұлы ұлық мерекеге имамдардың онлайн және офлайн режимде дайын болуларына, діни рәсімді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтауларына, қасапшыларға шариғат талаптарына сай мал сою ережелерін толықтай түсіндіруіне, арнайы QURBAN2022.KZ жұмыс штабын бекіту сынды тапсырмалар берді. Сонымен қатар, ауыл имамдарының ұсыныстары тыңдалды. Бас имам ҚМДБ бекіткен 7 бағыт бойынша жұмыстарға басымдық берілуін, ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген рухани кітаптарды ауыл жамағатына насихаттауды, діни мақалаларды көбірек жазуды, уағыз-дәрістерді жүйелі түрде өткізуді, халық тарапынан қойылған сұрақтарға дер кезінде жауап беруге және жат ағымның алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуді міндеттеді. Жиын соңын Бас имам Ұлық мерекені жоғары деңгейде өткізіп, шынайы ықыласпен асыл дінімізге қызмет етуде ынтымақ-бірлігімізден айырмауынан Алла нәсіп етсін! - деп дұғамен аяқтады.

 

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/3948-k-ksu-audanynda-y-k-shpeli-zhiyn.html#sigProId0dbd8e927b

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз