Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ҚМДБ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ «ІЗГІЛІК ЖАРШЫСЫ» МЕДИАФОРУМЫ ӨТКІЗІЛДІ

21 Jun 2022 0 comment Оқылды: 51 рет

Елордадағы ҚМДБ ғимаратында «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында «Ізгілік жаршысы» тақырыбындағы мүфтият журналистерінің республикалық медиафорумы басталды.

Жиын Құран аяттарын оқумен басталып, дін мен медиа жайлы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Мүфтият журналистерінің медиафорумына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің Бас редакторы Ғабит Мүсіреп, «Айқын» газетінің Бас редакторы Амангелді Құрметұлы, «Túrkistan» газетінің Бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, «Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубай және белгілі тележурналист, танымал диктор Зейін Әліпбек, сонымен қатар ҚМДБ-ның аймақтардағы баспасөз өкілдері қатысуда.

Айта кетейік, «Ізгілік жаршысы» форумында діни журналистиканың ақпарат айдынындағы орны, жаңа медианың жаңалықтары, шынайы ақпаратты анықтау тәсілдері, жалған діни ұрандардан сақтану жолдары т.б тақырыптарында баяндама жасалмақ.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз