Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

БАС МҮФТИ РИМ ПАПАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

14 Sep 2022 0 comment Оқылды: 58 рет

 

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ватикан мен Католик шіркеуінің басшысы Рим папасы Францискпен кездесті.

Кездесуде өзара сенім мен сый-құрмет, конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогтың ынтымақтастыққа дем беретіні айтылды. Сондай-ақ елордада өтіп жатқан съездің дінаралық достықты нығайтудағы рөлі сөз болды.

Рим папасы Франциск бейбітшілік пен өзара түсіністікке шақыратын бастамалардың, соның ішінде Қазақстанда өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің әлемді бірлікке шақырудағы орны жоғары екенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі басталды. Алқалы жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, Қазақстан үшін әлемнің ең құрметті рухани көшбасшыларын бірге жинап, диалог орнату үлкен құрмет екенін атап өтті.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/4002-bas-m-fti-rim-papasymen-kezdesti.html#sigProIdb3a2539932

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз