Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 84-ШІ, АЛАКӨЛ АУДАНЫ БОЙЫНША 9-ШЫ ПӘТЕР БЕРІЛДІ

19 Sep 2022 0 comment Оқылды: 104 рет

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Зекет қайырымдылық қорының “Ел үлесі пәтерге” жобасы бойынша еліміз бойынша 590-шы, Жетісу облысы бойынша 84-ші ал Алакөл ауданы бойынша 9-шы баспана берілді. Бұл баспана Үшқайың ауылының тұрғыны жалғыз басты ана, екі баласы бар Мөлдір Ерікқызына бұйырды. Мөлдір Ерікқызы ауданның бас имамы Әнет Омарханұлына жазған өтініші бойынша Үшқайың ауылындағы Әлібеков Әбілмәжін көшесі 15 ші үйді сатып алып беруін өтінген болатын.
Үйді табыстауға Зекет қайырымдылық қорының Жетісу облысы бойынша өкілі Омар Хадыс, ауданның бас имамы Әнет Омарханұлы және аудан бойынша Зекет қорының жетекшісі Ербол Зархум қатысып лентасын қиды. Жаңа үйдің иесі атанған Мөлдір Ерікқызы осы күнге дейін анасының үш бөлмелі үйінде үш жанұя бала-шағасымен ыңғайсыз жағдайда тұрып келген. Өз балаларымен жеке үй болғанына қуанған Мөлдір игі істі ұйымдастырған имамдарға әрі қайырымдылыққа атсалысқан барша мейірімді жандарға шексіз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Алакөл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз