Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

1 ҚАЗАН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ!

01 Oct 2022 0 comment Оқылды: 72 рет

Бүгін, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні!

Тарихымызға қарасақ, қай кезеңде де қазыналы қарияларымыз елді бірлік пен ынтымаққа, адал еңбекке бастап отырған.

Олар дауды әділ шешіп, ешкімнің ала жібін ­аттамай, әділдіктің туын жықпай көпке үлгі, жасқа тәлім берген.

«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаса керек. Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда қарттардың беделі мен рөлін арттыру мақсатында Ақсақалдар кеңесін құрды. Мақсатымыз – ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан Ақсақалдар институтын жаңғырту.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қарттың қасында береке бар» деген. Алла Тағала үлкендердің батасын алып, бақытты ғұмыр кешуді жазғай. Әмин

ҚМДБ Жетісу облысы бойынша бас имамы Данағұлов Алмас Сағидоллаұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз