Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

НАИБ МҮФТИ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

22 Oct 2022 0 comment Оқылды: 51 рет


Жастар – бүгінгі қоғамның үлкен бөлшегі. Еліміздің ертеңгі баянды болашағы да осы буын өкілдерінің қарым-қабілеті мен білім-біліктілігіне байланысты болмақ. Дінге деген қызығушылық пен ұстаным жастар арасында тереңірек таралатыны да рас. Осы орайда ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Оңғар Ершат Ағыбайұлы Жетісу облысына жасаған жұмыс сапары аясында Талдықорған қаласындағы агро-техникалық колледждің белсенді студенттерімен «Жас мұраты, білім, тәлім-талабы...» тақырыбында кездесуі өтіп, дін жайында маңызды тақырыптар тарқатылды.
Наиб мүфти жігерлі жастарға ислам дінінің қадір-қасиеті мен негізгі насихаты турасында айтып берді. «Баршаға белгілі, ислам тек бейбітшілікті ту еткен, бірлікке бастаған дін. Бүгінгі уақытта дін төңірегіндегі даулы әңгімелер, шын мәнінде, ата-бабамыз ұстанған саф дінге, шынайы исламға еш үйлеспейді. Бұған қатысты әлемдік дін ғұламалары, еліміздің ғалымдары мәлімдеме жасап та келеді. Ал жастарға айтарымыз, дін дегеніміз – ғылым, білім, өмір. Өмірді жарық ететін де осы таным-білім, ізгілік. Құранның алғашқы аятының өзі «Оқы!» деген әмірмен түскен. Сол себепті, сіздерге оқуда озат болыңыздар, өз кәсіптеріңіздің білікті маманына айналыңыздар демекпін» деді наиб мүфти Е.Ағыбайұлы.
Жастармен өткен жүздесуде түрлі сұрақтарға жауап алынды. Мотивациялық ақыл-кеңестерде айтылды. Кездесу соңында наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы студенттер үйіне спорттық жиынтықтар сыйға берді. Ал колледж басшылығы тарапынан ұстазға дәстүр жолымен иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.


Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglym.kz/blogs/is-sharalar/item/4020-naib-m-fti-zhastarmen-zh-zdesti.html#sigProId3a399de3da

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз